Қазақстандық спортшы жүзуден ел рекордын жаңартты

Жүзуден Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Әділбек Мусин рекорд жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол баттерфляй әдісімен 50 метр қашықтықта еліміздің үздік нәтижесін жаңартты.
Қазіргі уақытта Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Мусин 23,36 секунд нәтиже көрсетті. Бұған дейінгі рекорд та Әділбекке тиесілі болатын – 23,40 секунд.
Айта кетейік, Әділбек Мусин жүзуден ҚР чемпионатында 50 және 100 метр қашықтықтарда баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или