«Манчестер Юнайтед» жанкүйерлері маусымның үздік ойыншысын атады

30 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Бруну Фернандеш «Манчестер Юнайтед» жанкүйерлерінің нұсқасы бойынша осы маусымның ең үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дауыс беру қорытындысы бойынша ағылшындық жартылай қорғаушы Амад Диалло екінші орынға жайғасып, орталық қорғаушы Харри Магуайр үздік үштікті түйіндеді.
Ал Фернандеш сэр Мэтт Басби атындағы бұл жүлдені төртінші рет алған үшінші ойыншы болды:
- Криштиану Роналду – 03/04, 06/07, 07/08, 21/22;
- Давид де Хеа – 13/14, 14/15, 15/16, 17/18;
- Бруну Фернандеш – 19/20, 20/21, 23/24, 24/25.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или