«Астана» БК ВТБ Бірыңғай лигасынан уақытша шыға тұрмақ

«Астана» БК ВТБ Бірыңғай лигасынан уақытша шыға тұрмақ

«Астана» баскетбол клубы 2025/26 маусымына ВТБ Бірыңғай лигасына қатысуын уақытша тоқтататынын ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Астаналық клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шешім лига басшылығымен өзара келісім мен конструктивті диалог нәтижесінде қабылданған.

Елордалық ұжым жастар резервін дамытуға ерекше көңіл бөлмек. Клуб тарихында алғаш рет фарм-команда ВТБ Бірыңғай лигасының жастар чемпионатына қатысады. 

2024/25 маусымында «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионатында небәрі екі жеңіске қол жеткізіп, 44 матчтың қорытындысы бойынша 12-орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или