Ксения Балабаева шахматтан Азия чемпионатында медаль еншіледі

Ксения Балабаева шахматтан Азия чемпионатында медаль еншіледі

БАӘ-нің Әл-Айн қаласында классикалық шахматтан жекелей сындағы Азия чемпионатында Ксения Балабаева қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы әйелдер арасындағы сында 9 партиядан соң 7 ұпай жинады. Балабаева шешуші турда моңғолиялық гроссмейстер Батхуягийн Монгонтуулды жеңіп, үздік үштікті түйіндеді.

Чемпионат басталарда қазақ шахматшылар фаворит ТОП-10 ойыншы қатарына кірмеген еді. Сол себепті, бұл біз үшін ерекше жүлде. Айта кетейік, Азия чемпионаты әйелдер мен ерлер арасындағы әлем кубогына іріктеу кезеңі саналады.

Еске сала кетейік, осыған дейін блиц туринрде Алуа Нұрман Азия чемпионы атанып, 3+2 форматында алтын жүлде жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или