Қазақстандық теннисші Италиядағы жарыста ширек финалға өтті
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (АТР рейтингінде 76-орын) Туринде (Италия) өтіп жатқан турнирде екінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекелей сында 1/8 финалда Бублик италиялық Федерико Арнаболдимен (194-орын) кездесіп, үш сетте жеңді - 0:6, 6:3, 6:3.
Матч 1 сағат 37 минутқа созылды.
Александрдың келесі қарсыласы аргентиналық теннисші Томаш Мартин Этчеверри (51-орын) болмақ.
Айта кетейік, Александр Бублик жекелей сында Қазақстанның үздік теннисшісі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или