ҚПЛ: сәуір айының үздіктері анықталды

ҚПЛ: сәуір айының үздіктері анықталды

Кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясы футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы сәуір айының үздік ойыншысы мен үздік бапкерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Кffleague.kz сайтына сілтеме жасап.

«Үздік ойыншы» номинациясының иегері турнирге қатысушы командалардың капитандары мен бапкерлерінің дауыс беруі арқылы анықталды. Ал «Үздік бапкерді» командалардың бас бапкерлері өзара дауыс беру арқылы таңдады.

Нәтижесінде сәуір айының үздік футболшысы болып Алматының «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев танылды. Командалар капитандарының дауыс беру нәтижесі бойынша Дастан ең көп ұпай жинады. 

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев наурыз айында да «Астана» клубының хорватиялық ойыншысы Марин Томасовпен бірге үздік ойыншы атанған еді. Бұл жолы ол жеке-дара үздік деп танылды.

Ал айдың үздік бапкері атағын «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин иеленді.Сәуір айында 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев бес матчқа қатысып, төрт гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Рафаэль Уразбахтиннің жетекшілігіндегі «Қайрат» сәуір айында бес ойын өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті, біреуінде тең түсті. Осы кезеңде команда қарсылас қақпасына 13 гол соғып, өз қақпасына бар болғаны екі гол жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или