Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Дауыл алдындағы тыныштық...», — деп жазды боксшы.
Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандық боксшы мен WBC чемпионы Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) арасында жекпе-жек өтуі мүмкін деген ақпарат тараған. Екі боксшы да желіде бір-біріне сес көрсетіп, жанкүйерлер арасында қызығушылықты арттырды. Ал WBC ұйымы Адамеске міндетті қарсылас ретінде тағы бір қазақстандық спортшы Мейірім Нұрсұлтановты (20-0, 11 KO) тағайындаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или