Матчқа қатыспауы мүмкін. «Астана» футболшылары байкот жариялады

Бүгін, 15 мамырда, елордалық «Астана» футбол клубының ойыншылары команданың жаттығуына қатысудан бас тартқан, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
БАҚ мәліметінше, футболшыларға, бапкерлер құрамына және клуб қызметкерлеріне бірнеше айлық еңбекақы бойынша қарыз бар.
Осы жағдайға байланысты «Астана» Жезқазғанда өтетін ҚПЛ-дің 9-туры аясындағы «Ұлытауға» қарсы матчқа қатыспауы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін бас бапкер Григорий Бабаян «Тобылмен» болған матчтан кейінгі (1:3) баспасөз мәслихатында қаржылық қиындықтардың командаға жоғары нәтиже көрсетуге кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или