«Астана» шабандозы «Джиро д’Италияның» алтыншы кезеңінде 4-орын алды

«Астана» шабандозы  «Джиро д’Италияның» алтыншы кезеңінде 4-орын алды

Бүгін «Джиро д’Италия» көпкүндік веложарысының алтыншы кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезең жеңімпазы Alpecin-Deceuninck командасының аустралиялық велошабандозы Кэйден Гровс атанды. Екінші орынды Cofidis командасының бельгиялық спортшысы Милан Фретин иеленсе, үшінші орын Soudal Quick-Step командасының француз велошабандозы Поль Маньеге бұйырды.

«Астана» сапындағы Макс Кантер кезеңді төртінші болып аяқтады.

«Джиро д’Италия». Алтыншы кезең. Потенца — Неаполь (227 км)

1. Кэйден Гровс (Аустралия, Alpecin-Deceuninck) — 4:59:52
2. Милан Фретин (Бельгия, Cofidis)
3. Поль Манье (Франция, Soudal Quick-Step)

4. Макс Кантер (Германия, «Астана»). 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или