«Дюнкерктің төрт күні» көпкүндік веложарысының екінші кезеңі аяқталды

Бүгін «Дюнкерктің төрт күні» көпкүндік веложарысының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезеңде бірінші орынды ұлыбританиялық велошабандоз Льюис Аскей иеленді. Екінші болып Uno-X Mobility командасынан норвегиялық Сакариас Коллер Лёланн келді. Үздік үштікті INEOS Grenadiers командасынан Самуэль Уотсон түйіндеді.
«Астана» сапында үздік нәтижені Аарон Гейт көрсетті. Ол мәреге 21-болып жетті. Майк Тёниссен — 55-орын, Альберто Беттиоль — 72-орын, Кейс Бол — 95-орын, Иван Смирнов — 128-орын алды. Алессандро Ромеле жарысты аяқтай алмады.
«Дюнкерктің төрт күні». Екінші кезең. Avesnes-sur-Helpe — Crépy-en-Valois. 178.7 шақырым
1. Льюис Аскей (Ұлыбритания, Groupama-FDJ) — 3:51:36
2. Сакариас Коллер Лёланн (Норвегия, Uno-X Mobility)
3. Самуэль Уотсон (Ұлыбритания, INEOS Grenadiers)
21. Аарон Гейт (Жаңа Зеландия, «Астана»)
55. Майк Тёниссен (Нидерланд, «Астана»)
72. Альберто Беттиоль (Италия, «Астана»)
95. Кейс Бол (Нидерланд, «Астана») — +1:12
128. Иван Смирнов (Ресей, «Астана») — +6:03
Жалпы есеп:
1. Аксель Зингле (Франция, Visma | Lease a Bike) — 7:42:36
2. Льюис Аскей (Ұлыбритания, Groupama-FDJ)
3. Бен Свифт (Ұлыбритания, INEOS Grenadiers) — +0:02
23. Аарон Гейт (Жаңа Зеландия, «Астана») — +0:10
32. Майк Тёниссен (Нидерланд, «Астана»)
64. Альберто Беттиоль (Италия, «Астана»)
104. Кейс Бол (Нидерланд, «Астана») — +4:09
131. Иван Смирнов (Ресей, «Астана») — +12:07.