Айбек Шоқпұтов Жұбаныш – Сағын жекпе-жегі туралы: Жігіттер өз деңгейлерін көрсетеді

«Еркін Күш» командасының бас бапкері Айбек Шоқпұтов Sport+ сайтына берген сұхбатында Қарағандыда өтетін NAIZA лигасының басты жекпе-жегіне айналатын Қазбек Сағын мен Бағдат Жұбаныш арасындағы айқас туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біз дайындалып жатырмыз, Қазбектен айырмашылығы — өз үйімізде дайындалудамыз, спарринг серіктестерін де таңдап алдық. Бағдат жақсы жұмыс істеп жатыр, жүктемені көтеріп жүр, бес раундты толық өткізуі тиіс. Бес раундқа есеп жасап отырмыз, әрі қарай бәрі Жаратқанның қалауында. Дайындық жақсы өтті, айтарлықтай қиындықтар болған жоқ, енді жігіттер өз деңгейін көрсетеді деп үміттенеміз. Әр спортшы, әр бапкер, әр клуб өз жұмысын атқаруға тырысады, біз де жеңіс үшін бар күшімізді саламыз, тек жеңіске бағытталғанбыз. Әрине, алдын ала бірдеңе деуге болмайды, Жаратқан не бұйыртса, соны аламыз», — деді бапкер.