Футзалдан Еуро-2026 Қазақстанда өтуі мүмкін

Футзалдан Еуро-2026 Қазақстанда өтуі мүмкін

УЕФА футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатын басқа елге көшіру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы «Футзал Казахстан» парақшасы Instagram желісінде хабарлады. Бұған дейін жарысты Латвия мен Литвада өткізу жоспарланған еді, алайда қос мемлекет Беларусь құрамасын қабылдаудан бас тартты.

Беларусь құрамасы өз тарихында алғаш рет финалдық кезеңге жолдама алған болатын. Алайда елдің Ресейге қолдау көрсетуі себепті Латвия мен Литва бұл шешімді қабылдамаған.

Осы жағдайға байланысты 21 мамырға жоспарланған плей-офф матчтарының жеребесі кейінге қалуы мүмкін. УЕФА қазір жаңа алаң иесін анықтауға кірісті. Үміткерлердің қатарында халықаралық деңгейде жарыс өткізе алатын инфрақұрылымы бар Қазақстан да бар. Қай елде өтетіні туралы нақты шешім алдағы күндері белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или