UFC-дің бұрынғы чемпионы психологиялық жағдайы туралы айтып берді

UFC-дің бұрынғы чемпионы психологиялық жағдайы туралы айтып берді


Орта салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Исраэль Адесанья FREESTYLEBENDER YouTube арнасына берген сұхбатында психикалық саулығын қалай сақтайтынын ашық айтты. Ол танымалдықтың қысымымен қалай күресетінін де бүкпесіз баяндады.

Адесанья үшін ең басты тірек – спорт. Жаттығу оны күйзелістен де, шектен тыс қуаныштан да алып шығады. Екінші тәсілі – күнделікті ризашылық күнделігін жүргізу. Күн сайын үш жақсы нәрсені жазып, сол арқылы өмірге оң көзқарас қалыптастырады.

Ал үшінші – ең маңыздысы – жанындағы адамдар. Отбасы, достары мен командасының қолдауы болмаса, оның айтуынша, спортшының мықты қалуы өте қиын. «Талай адамның биікке көтеріліп, сосын көз алдымда құлағанын көрдім – жанында қамқор жандар болмаған», – дейді Адесанья.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или