Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатын екі медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Қытайдың Цзяншань қаласында өткен Азия чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады.
Команда жарыс қорытындысы бойынша екі медаль жеңіп алды. Алайда бұл жолы қазақстандық ауыр атлеттер жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріле алған жоқ.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Пётр Хребтов қола медаль иеленсе, 102 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы Артём Антропов күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ал Егор Шерер (89 келіге дейін) мен Любовь Ковальчук (87 келіден жоғары) жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или