Қазақстан хоккей құрамасы Даниядан ұтылып қалды

14 мамырдан 15 мамырға қараған түні Қазақстан хоккей құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы төртінші ойынын Данияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нәтижесінде Дания құрамасы бұл матчта 5-1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан үшін жалғыз шайбаны Михайлис соқты.
Шайбалар: Огор, 24:20 (0:1), Труе, 32:57 (0:2), Михайлис, 46:33 (1:2), Вайсе, 50:08 (1:3), Труэ, 50:28 (1:4), Олесен, 59:53 (1:5).
Қазірге дейін Қазақстан құрамасы Норвегияны (2:1) жеңіп, Германияға (1:4), Мажарстанға (2:4) есе жіберсе, Дания АҚШ-тан (0:5), Швейцариядан (2:5) және пен Чехиядан (2:7) жеңілді.
Қазақстан үш ұпаймен әлем чемпионатындағы топтың турнирлік кестесінде жетінші орында тұр. Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 17 мамырда Чехияға қарсы өткізеді.