«Атырау» бір легионермен қоштасатын болды

«Атырау» бір легионермен қоштасатын болды

Беларусьтік жартылай қорғаушы Никита Капленко «Атырау» клубынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы команданың бас менеджері Дидар Сыдықбек мәлімдеді.

Футболшы биылғы жылдың басында командаға қосылып, сегіз матчта алаңға шықты және екі нәтижелі паспен көзге түсті.

Алайда маусым басынан бергі сәтсіз нәтижелерден кейін клуб құрамына өзгерістер жасауға бел буған. Қазіргі таңда Капленкомен келісімшартты бұзу мәселесі талқылануда. 

Айта кетейік, «Атырау» 10 турдан кейін небәрі 3 ұпай жинап 13-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или