«Барселонаның» шабуыл шебінде дау туындады

Каталонияның әйгілі клубында шабуыл шебінде келіспеушіліктер пайда болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
El Nacional мәліметінше, «Барселона» футболшылары Ламин Ямаль мен Рафинья енді Роберт Левандовскимен бірге негізгі құрамда алаңға шыққысы келмейді.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, екі вингер де шабуыл орталығында Ферран Торрестің ойнауы керек деген пікірде. Олардың пікірінше, дәл осы испан ойыншысы команданың шабуыл жүйесіне жақсырақ үйлесіп, комбинациялық ойынды жақсарта алады.
Левандовскидің осы маусымдағы статистикасы (49 матчта 40 гол және 3 ассист) жақсы болғанымен, командаластары оның алаңдағы белсенділігіне және доппен жұмыс жасауына күмәнмен қарайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или