Қазақстан кубогының жартылай финалистері белгілі болды

Қазақстан кубогының жартылай финалистері белгілі болды

Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ордабасы» өз алаңында ел чемпионатында жеңіліссіз келе жатқан «Қайратты» 1:0 есебімен тізе бүктірді. 

Пенальти сериясында үздік шыққан «Қызылжар» семейлік «Елімайды» жарыс жолынан шығарды. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталған болатын. 

Қостанайлық «Тобыл» Түркістанда жергілікті «Тұранды» 0:2 есебімен жеңіп шықты.

Негізгі уақытта 1:1 есебімен аяқталған астаналық дерби пенальти сериясына дейін жалғасты. Нәтижесінде «Жеңіс» «Астананы» жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Осылайша жартылай финалда «Қызылжар» – «Ордабасы» және «Тобыл» – «Жеңіс» командалары кездеседі. 

Айта кетейік, жартылай финал ойындары екі матчтан тұрады. Матчтар маусым айында өтеді деп жоспарланған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или