Сұлтан Зауырбектің рейтингтегі орны сақталып қалды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
59 келіге дейінгі (екінші жеңіл салмақ) салмақ дәрежесінде Қазақстан өкілі Сұлтан Зауырбек төртінші орынды сақтап қалды.
Қазіргі таңда дивизион көшін мексикалық Эдуардо Нуньес бастап тұр. Екінші орын бос, ал үшінші сатыда жапониялық Масанори Рикиши орналасқан. IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы әлі ешкімге тиесілі емес.
Сұлтан Зауырбек желтоқсан айында титулдық жекпе-жек өткізуі мүмкін. Жекпе-жек Ұлыбританияда өтеді деген болжам бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или