«Ордабасы» Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты

Шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өз алаңында алматылық «Қайратты» 1:0 есебімен тізе бүктірген шымкенттік ұжым жартылай финалға жолдама алды. Аталған матчтағы жалғыз голды бразилиялық легионер Жоао Паулино соқты. Ол бірінші таймның 34-ші минутында алаң иелерін алға шығарды. Екінші таймда қонақтар есепті теңестіріге тырысқанымен, барлық мүмкіндіктер сәтсіз аяқталды.
Осылайша ел чемпионатында жеңіліссіз келе жатқан «Қайрат» командасы маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Ал шымкенттік ұжым болса алты матч қатарынан жеңіліссіз келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или