«Ордабасы» кубокта «Қайратты» ұшырып жіберді

Шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан кубогының ширек финалы аясында алматылық «Қайратпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойынның тағдырын бір ғана гол шешті. 34-минутта «Ордабасы» ойыншысы Жоау Паулиньо көзге түсті. Алматылық команда есепті теңестіре алмады. Осылайша, шымкенттік клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Соның арқасында «Ордабасы» кубоктың жартылай финалына шыққан алғашқы команда атанып отыр.
Еске салайық, бұл - командалардың осы маусымдағы екінші кездесуі. 8 наурызда ел чемпионатының 2-туры аясында Алматыда кездесіп, «Қайрат» «Ордабасыны» 4:0 есебімен жеңген еді.
Қазақстан кубогы. Ширек финал
«Ордабасы» - «Қайрат» 1:0 (1:0)
Гол: Паулиньо 34
14 мамыр. Шымкент. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или