Танымал файтер UFC 317 турнирінен ерекше себепке байланысты бас тартты

Жартылай ауыр салмақтағы чехиялық файтер Иржи Прохазка (31-5-1) UFC 317 турниріндегі жекпе-жектен университеттегі емтихандары үшін бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Прохазканың бапкері Мартин Карайванов MMA Mania басылымына берген сұхбатында UFC тарапынан маусым айындағы турнирде жекпе-жек өткізу ұсынылғанын, алайда спортшы оны оқуына байланысты қабылдамағанын айтты.
«Бізге жекпе-жек ұсынылды, бірақ бәрі оқуына байланысты кейінге қалдырылды. Ол емтихандарын тапсырған соң, келіссөз жалғасады», – деді Карайванов.
32 жастағы Иржи Прохазка Брнодағы Масарик университетінде қауіпсіздік және стратегиялық зерттеулер мамандығы бойынша білім алуда.
UFC 317 турнирі 28 маусымда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или