Ангелина Лукас Қазақстанда титулды жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Ангелина Лукас Қазақстанда титулды жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Қазақстанда титулды жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«1 маусым күні туған қалам Таразда IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағымды қорғайтынынымды қуанышпен хабарлаймын!

Менің қарсыласым — Чилилік боксшы Даниэла Асенхо. Бұл — менің өмірім мен спорттық жолымдағы ең маңызды жекпе-жектердің бірі.

Тараз тарихында алғаш рет әлем чемпионы атағы үшін ауқымды халықаралық бокс кеші өтеді!» — деп жазды Лукас Instagram парақшасында.

Қазақстандық боксшы кәсіпқойлар арасында 15 жекпе-жек өткізіп, 14 жеңіске жетіп, бір кездесуде жеңіліп қалған. Спортшы кейнгі жекпе-жегін ақпанда боливиялық Есения Токоға (1-1, 0 КО) қарсы өткізіп, екінші раундта жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или