Қазақстан азаматтығынан бас тартқан хоккейшінің жалақысы белгілі болды

Қазақстан азаматтығынан бас тартқан хоккейшінің жалақысы белгілі болды

Metaratings.ru мәліметінше, шабуылшы Егор Петухов «Адмирал» клубымен екі жылдық келісімшартқа сәйкес әр маусымда 40 миллион рубль (253 миллион теңге) жалақы алатын болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

14 мамыр күні «Адмирал» хоккейшімен жаңа келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады. 2024/25 маусымында 31 жастағы Петухов ҚХЛ тұрақты чемпионатында 67 матч өткізіп, 42 (24+18) ұпай жинаған. Плей-офф кезеңінде ол 6 ойынға қатысып, 2 (1+1) ұпай жинады.

Еске сала кетейік, Егор Петухов — Ресей хоккейінің түлегі. 2015 жылы Қазақстанға қоныс аударып, «Барыс» пен «Номадта» ойнаған. 2017 жылдан бастап Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен, алайда 2023 жылы азаматтықтан және ұлттық құрамадан бас тартқан.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или