Сұлтан Заурбек IBF рейтингінде үздік бестік қатарында қалды

Сұлтан Заурбек IBF рейтингінде үздік бестік қатарында қалды


Кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингінде өз орнын сақтап қалды. Prosports.kz мәліметінше, ол екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде төртінші сатыда тұр.

Аталған салмақта көшбасшы – мексикалық Эдуардо Нуньес. Рейтингтің екінші орны әлі бос болса, үшінші орынға жапондық Масанори Рикиши жайғасқан. IBF белбеуі бұл дивизионда әзірге иесіз.

Ал орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша қазіргі әлем чемпионы мәртебесінде қала бермек. Бұл салмақта да бірінші үміткердің орны бос тұр. Одан кейінгі орындарды италиялық Этиноса Олиха мен британдық Крис Юбэнк-кіші иеленіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или