Рахмонов жыл соңында октагонға оралады

Қазақстандық жеңілмеген файтер Шавкат Рахмонов октагонға күздің соңына қарай, нақтырақ айтқанда желтоқсан айында оралуды жоспарлап отыр. Бұл туралы оның бапкері Сайрат Базров NAIZA TV подкастында айтты.
Бапкердің айтуынша, Шавкаттың тізесі біраз уақыттан бері мазалап жүрген. Алғашында бұл мәселені оңалту арқылы шешеміз деп үміттенген. Алайда МРТ толық ақпарат бермеген соң, Еуропада қайта тексеріліп, ақыры менискіне ота жасау қажет болған.
Қазір Рахмонов екі айлық оңалту курсынан өтіп жатыр. Дегенмен жарақатына қарамастан, жаттығуды жалғастырып келеді. Шавкаттың UFC чемпионы атағына деген жолы әлі де ашық.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или