Махачев белбеуден бас тартты – UFC-де жаңа чемпиондар анықталады

Махачев белбеуден бас тартты – UFC-де жаңа чемпиондар анықталады


UFC президенті Дана Уайт алдағы айларда өтетін маңызды жекпе-жектер тізімін жариялады. Бұл шешімдер ұйымдағы бірнеше салмақ дәрежесіне тікелей әсер етпек.

Жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачев енді жартылай орта салмақта бақ сынайтынын хабарлап, белбеуден өз еркімен бас тартты. Оның келесі қарсыласы – жаңа чемпион Джек Делла Маддалена болмақ. Бұл айқасқа екі жақ та келісіп қойды, тек нақты уақыты кейінірек жарияланады.

28 маусымда Лас-Вегаста өтетін UFC 317 турнирінде бос қалған жеңіл салмақ белбеуі сарапқа салынады. Бұл белбеу үшін жартылай жеңіл салмақтан көтерілген Илия Топурия мен бұрынғы чемпион Чарльз Оливейра күш сынасады. Ал қосалқы басты айқаста аса жеңіл салмақтағы чемпион Алешандре Пантожа Кай Кара-Франспен кездеседі.

UFC 319 турнирінің де басты жекпе-жегі нақтыланды. 16 тамызда Чикагода орта салмақ чемпионы Дрикус Дю Плесси мен қауіпті үміткер Хамзат Чимаев арасында кездесу өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или