Асу Алмабаев - Рамазан Теміров. UFC жекпе-жекті ресми жариялады
UFC қазақстандық файтер Асу Алмабаев пен Өзбекстан өкілі Рамазан Теміров арасындағы алдағы жекпе-жекті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек 26 шілдеде Абу-Дабидегі (Біріккен Араб Әмірліктері) UFC Fight Night турнирінде өтеді.
31 жастағы Алмабаев соңғы жекпе-жегін 2 наурызда UFC Fight Night 253 турнирінде өткізіп, үшінші раундта португалиялық Манел Капеден техникалық нокаутпен жеңіліп қалды. Асудың MMA-дағы рекорды 21-3 және UFC-де 4-1.
28 жастағы Теміров ММА-да 19-3. UFC-дегі екі жекпе-жегінде де жеңіске жеткен.
UFC жеңіл салмақ рейтингінде Алмабаев сегізінші, Теміров 13-ші орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или