Ұлттық құрама бапкері Астанада өткен Grand Slam турнирін қорытындылады

Ұлттық құрама бапкері Астанада өткен Grand Slam турнирін қорытындылады

Астанада дзюдодан өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Кален Қалиұлы Olympic.kz сайтына берген сұқбатында жарыс барысына баға беріп, отандық спортшылардың нәтижесін талдады.

«Жалпы алғанда жарыс нәтижелерін қанағаттанарлық деп айтуға болады. Ерлер арасындағы 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесін есепке алмағанда, өзге барлық салмақтарда жігіттеріміз жүлдеге іліге алды. Әрине, алтын жүлденің жоқтығы өкінішті. Бірақ соған қарамастан, құраманың даму жолында екені байқалады», – деді Қалиұлы.

Айта кетейік, үш күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы үш күміс және алты қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или