«Ақтөбе» ВК Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

Жапонияда волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан Азия чемпиондар лигасында «Ақтөбе» клубы ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кеше ақтөбеліктер А тобында аустралиялық «Queensland Pirates» командасын 3:0 есебімен жеңген еді.
Бүгін «Ақтөбе» клубы жапониялық, 2023 жылғы Азия клубтық чемпионатының жеңімпазы «Suntory Sunbirds Osaka» командасымен шеберлік байқасты.
Сергей Трикоз алдымен жас ойыншыларға сенім артты.
Ал қарсылас команданың сапында Жапония ұлттық құрамасы мүшелерімен қатар ресейлік Дмитрий Мусэрский сияқты белгілі волейболшылар өнер көрсетті.
Екінші партияда «Ақтөбе» құрамында қазақстандықтарға қоса ресейліктер Кирилл Костыленко, Никита Швалев, украиналық байланыстырушы Роман Хандролин сияқты тәжірибелі ойыншылар алаңға шықты.
Бұл матч 3:0 (25:14, 25:16, 25:19) жапониялық клубтың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, «Ақтөбе» А тобынан екінші орынмен ширек финалға жолдама алды.
Енді 15 мамырда қатарлық «Al Payyan» командасымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.