Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы Азия чемпионатын сәтті бастады

Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы Азия чемпионатын сәтті бастады

Жастар арасындағы Азия чемпионатында алғашқы сессияда барлық қазақ боксшылары жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі спортшылар және жастар арасындағы Азия чемпионатының екінші күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті.

Турнирдің екінші күнгі бағдарламасында төрт бірдей спортшымыз — Таңғатар Досымжан, Бахадүр Алдияр, Нығмет Нығман және Төртубек Әділет рингке шықты.

Таңғатар Досымжан Шри-Ланка өкілін 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтса, Бахадүр Алдияр да жергілікті боксшыны дәл сондай есеппен басым түсті.

Нығмет Нығман қарсыласын жекпе-жектің соңына дейін жеткізбей, екінші раундта бірнеше нокдауннан кейін төрешінің шешімімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Төртубек Әділет те өз үстемдігін танытып, үшінші раундта кездесуді уақытынан бұрын аяқтап, жеңісті қоржынға салды.

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын сенімді әрі жарқын жеңістермен бастады.

Айта кетейік, байрақты бәсеке кеше басталып, 23 мамырға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или