Ұлттық құраманың бұрынғы футболшысы Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
34 жастағы қазақстандық футболшы үлкен футболмен қоштасты. Бұл туралы инста желісіндегі парақшасында жазды.
«Аллаға шүкір. Арманым орындалып, сүйікті ісіммен айналысу бақыты бұйырды. Футболдағы жылдарымда өмірімдегі ең жарқын сәттерді бастан өткердім. Көптеген тамаша адамдармен - бапкерлермен, менеджерлермен, командадағы серіктеріммен таныстым. Барлығыңызға алғыс айтамын, бұл сәттерді сағынатын боламын», - деп жазды Сүйімбаев.
Ғафуржан Cүйімбаев - шымкенттік «Ордабасы» клубының түлегі. Шымкенттік клубтан бөлек «Қайрат», «Ертіс» және «Ақсу» командаларында өнер көрстекен.
Ұлттық құрама сапында 42 матч өткізіп, 4 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или