Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді

Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов өз салмағындағы UFC рейтингінде бір саты төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл өзгеріс 11 мамыр күні Монреальда өткен UFC 315 турнирінен кейін орын алды.Аталған кеште аустралиялық Джек Делла Маддалена Белал Мұхаммедті жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленді. Осы жеңілістен кейін Мұхаммед чемпион атағынан айырылып, рейтингтің бірінші сатысына түсті. Ал екінші орынға америкалық Шон Брэди көтерілді.
Ал қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов екінші орыннан үшінші орынға түсті. Шавкат Рахмонов 2024 жылдың желтоқсанында ирландиялық Иэн Гэрриді айқын басымдықпен жеңіп, екінші орынға көтерілген еді. Қазіргі таңда қазақстандық спортшы жарақатынан кейінгі оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Оның октагонға қайта оралуы күздің соңына қарай жоспарланып отыр.
Рейтингтің алғашқы бестігіне тағы да өзгерістер енді: бұрынғы чемпион Леон Эдвардс төртінші, ал Камару Усман бесінші орынға сырғыды.