«Жетісудың» жартылай қорғаушысы «Атырауға» қарсы ойынға қатыспайды

«Жетісудың» 22 жастағы жартылай қорғаушысы Диас Орынбасар алдағы тоғызыншы турдың «Атырауға» қарсы ойынына шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жетінші турда «Тұранға» қарсы өткен ойында (0:0) Диас Орынбасар өзбекстандық Одилбек Абдумажидовқа қарсы өрескел ойыны үшін алаңнан қуылып, үш ойынға дисквалификация алды. Ол бұған дейін «Оқжетпес» командасымен (1:3) кездесуді өткізіп алған болатын. Сондай-ақ алдағы уақытта «Атырауға» қарсы ойынды өткізіп жіберуге тура келеді.
Диас Орынбасар биылғы чемпионатта барлығы 6 кездесу өткзді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или