Қазақстан әлем чемпионатында екінші алтын медальді жеңіп алды

Қазақстан әлем чемпионатында екінші алтын медальді жеңіп алды

Таеквондодан Фуджейра қаласында (БАӘ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны екінші алтын медальмен толықты.

65 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Жантөре Сағынғали финалда украиналық спортшы Максим Шудженконы сенімді түрде жеңіп шықты.

Сондай-ақ жарыстың үшінші күні Қазақстан екі қола медаль жеңіп алды: жүлдегер атанғандар — Алла Цой (47 келіге дейін) мен Аида Ғожалымова (51 келіге дейін).

Айта кетейік, бұған дейін 61 келіге дейінгі салмақта Хамзаальпер Ромашкин әлем чемпионы атанған болатын.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или