Қазақстандық теннисші Хорватиядағы турнирдің екінші айналымына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Хорватиядағы турнирдің екінші айналымына жолдама алды

Загреб (Хорватия) қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирде қазақстандық теннисші Дмитрий Попко алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы жергілікті теннисші Матей Додигпен кездесіп, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол турнирдің екінші кезеңіне жолдама алды.

Бұған дейін теннисшілер ресми турнирлерде екі мәрте кездескен. Осы жеңістен кейін текетірестегі есеп Попконың пайдасына 2:1 болып өзгерді.

Үшінші кезеңге шығу үшін қазақстандық теннисші Босния және Герцеговина өкілі Фатич пен хорватиялық Поличак арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или