Чемпиондар лигасының финалында қазылық ететін төрешілер белгілі болды

Чемпиондар лигасының финалында қазылық ететін төрешілер белгілі болды

Румыниялық төрешілер бригадасы, бас төреші Иштван Ковачтың жетекшілігімен, франциялық ПСЖ мен италиялық «Интер» арасындағы Чемпиондар лигасының финалдық матчында қазылық етеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ковачқа ассистент ретінде Михай Марика мен Ференц Туньоги көмектеседі.

Төртінші төреші қызметін португалиялық Жуан Пинейру атқарады. VAR жүйесіне жауапты – нидерландтық Деннис Хиглер және оның ассистенті румыниялық Кэтэлин Попа.

Чемпиондар лигасының финалы 31 мамыр күні Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц Арена» стадионында өтеді. Айта кетейік, былтыр Ковач Еуропа лигасының финалында төрелік еткен болатын. Ал осы маусымда ол Чемпиондар лигасында жеті матчта қазылық етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или