Қазақстандық файтердің жекпе-жегі ресми түрде жарияланды

Қазақстандық файтер Дамир Исмағлов Астанада өтетін Alash Pride FC 108 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир 27 мамырда өтеді.
Бұл туралы қазақстандық ММА промоушені Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
Бұрынғы UFC файтерінің қарсыласы бразилиялық Алан Патрик болады.
Исмағұлов аралас жекпе-жек ережелері бойынша кейінгі жекпе-жегін 2024 жылы қыркүйекте Alash Pride турнирінде өткізген болатын. Сол кезде қазақстанлық спортшы бразилиялық файтер Обердан Тенорионы техникалық нокаутпен жеңген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или