Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» бес турда 36 гол соқты

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» бес турда 36 гол соқты

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының бесінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биылғы біріншілікті «Ақтөбе» командасы өте сәтті өткізіп келеді. Бес турда төрт мәрте жеңіске жетіп, небәрі бір кездесуде тең нәтижеге қанағат білдірді. Қарсыластар қақпасына 36 гол соғып, өз қақпасына небәрі 2 гол жіберіп алды.

Бесінші турда олар сырт алаңда жезқазғандық «Ұлытауды» 9:0 есебімен тізе бүктірді. 

Сондай-ақ көш басында келе жатқан шымкенттік БИИК командасы да дәл сондай есеппен семейлік «Елімайды» жеңді. Ал түркістандық «Тұран-Томирис» сырт алаңда қызылордалық 

«Қайсардан» 1:0 есебімен басым түсті.

Екінші турдың ойын кестесі:

«Ұлытау» (Жезқазған) - «Ақтөбе» 0:9

«Тобыл» (Қостанай) - «Қызылжар» (Петропавл) 0:4

«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Астана» 0:2

«Жеңіс» (Астана) - «Атырау» 4:0

«Жетісу» (Талдықорған) - «Қайрат» (Алматы) 1:4

БИИК (Шымкент) - «Елімай» (Семей) 9:0

«Қайсар» (Қызылорда) - «Томирис-Тұран» (Түркістан) 0:1.

Енді алдағы тур ойындары 19 мамыр күні өткізіледі. 

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или