Ресми: Карло Анчелотти – Бразилия құрамасының бас бапкері атанды

Мадридтік «Реал» клубының қазіргі бас бапкері Карло Анчелотти маусым аяқталғаннан кейін Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері атанады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қос тарап бүгін ресми түрде келісімшартқа қол қойды. Жаңа шарт бір жылға жарамды болады.
Карло «Реалдағы» соңғы матчын 25-ші мамыр күні «Реал Сосьедадқа» қарсы өткізеді. Анчелотти 2021 жылдан бері «Реал» тізгінін ұстап келген еді.
65 жастағы маман жаңа қызметіне 26 мамырдан бастап кіреседі. Италиялық маман ұлттық құраманы 2026 жылы өтетін ӘЧ-ге бастап барады. Ал «селесао» тізгініндегі алғашқы матчын 6 маусым күні Эквадорға қарсы өткізеді.
Айта кетейік, оның орнына «Реалға» маусым соңында Хаби Алонсо келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или