«Жеңіс» командасының бас бапкері қызметінен кетті

«Жеңіс» командасының бас бапкері қызметінен кетті

Астаналық «Жеңіс» командасының бас бапкері Акис Вавалис қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клуб басшылығына команданың маусым басындағы нәтижелері ұнамаған көрінеді. «Жеңіс» осылайша грекиялық маманмен келісімшартты үзуге шешім қабылдапты. 

Акис Вавалис осыған дейін Косово чемпионатының өкілі «Дрита» клубын жаттықтырған. 38-жастағы грекиялық маман бапкерлік жолын 2011-жылы бастады - «Пансеррайкос» ФК бас бапкері нің көмекшісі болған (Грекия Суперлигасы). Сондай-ақ, бас бапкер ретінде швециялық «Вассалундс» пен болгариялық «Крумовград» ұжымдарында жұмыс істегені мәлім. Дереккөздің мәліметіне сай, «Жеңіс» қазір бас бапкер іздеуде. 

«Жеңіс» 8 турдан кейін 10-орынға жайғасқан. Команда қоржынында 5 ұпай. Елордалық ұжым соңғы төрт ойында 3 рет жеңіліп, бір рет тең ойнаған. Соңғы турда өткен демалыста Акис Вавалис шәкірттері «Қайраттан» 1:2 есебімен ұтылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или