Билли Джин Кинг: Қазақстан АҚШ құрамасымен кездеседі

Билли Джин Кинг: Қазақстан АҚШ құрамасымен кездеседі

Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы 1/4 финалда осы жарыстың 18 дүркін жеңімпазы – АҚШ құрамасымен кездеседі.

Жартылай финалға жолдама алған жағдайда, біздің құрама Жапония мен Ұлыбритания арасындағы матч жеңімпазымен ойнайды. Тағы бір ширек финалдық жұпта Украина мен Испания, ал екінші жағында Италия мен Қытай жолдама үшін таласады.

Финалдық кезең 16–21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или