Қазақстанда таеквондодан Гран-при іріктеу кезеңі өтеді

Қазақстанда таеквондодан Гран-при іріктеу кезеңі өтеді

2026 жылы таеквондодан Гран-придің финалдық кезеңі Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл шешім Әлемдік кеңестің Фуджейра (БАӘ) қаласында өткен отырысында қабылданды.

Қазақстандық делегация әзірлеген жоба халықаралық ұйым тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Еске салайық, бұл турнирді өткізу құқығы үшін 18 ел бақ сынаған болатын.

Келер жылы Қазақстан астанасында әлемнің ең мықты таеквондошылары жиналады.

Гран-при барысында 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или