«Ақтөбе» ВК Чемпиондар лигасын сәтті бастады

11 мамырда Жапонияда волейболдан Азияның ең үздік клубтары қатысатын басты турнир — Чемпиондар лигасы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған жарысқа Қазақстан атынан алғаш рет «Актөбе» ВК қатысып жатыр. Команда ел кубогының және Суперкубоктың иегері, сондай-ақ ішкі біріншіліктің күміс жүлдегері ретінде жолдама алған болатын.
Қазақстандық команда Азия Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчын аустралиялық «Queensland Pirates» ұжымына қарсы өткізіп, 3:0 (25:11, 25:15, 25:19) есебімен тізе бүктірді.
«Ақтөбе» келесі кездесуін ертең Жапонияның атақты «Suntory Sunbirds Osaka» командасына қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или