«Ордабасы» клубының қорғаушысы Сағадат Тұрсынбай қатарға қосылды

«Ордабасы» клубының қорғаушысы Сағадат Тұрсынбай қатарға қосылды

Шымкенттік «Ордабасы» клубының қорғаушысы Сағадат Тұрсынбай қатарға қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт бойы ойнамаған Сағадат Тұрсынбай «Қайсармен» болған ойында алаңға шықты.

26 жастағы футболшы соңғы рет 2024 жылдың тамызында Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясында өткен «Дифферданжбен» болған ойынға қатысқан еді.

Сағадат Тұрсынбай — Шымкент футболының түлегі. Демек, «Ордабасы» сапында алаңға шығатын жергілікті футболшылардың саны тағы біреуге артты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или