Хамзаальпер Ромашкин таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

Қазақстан құрамасының спортшысы Хамзаальпер Ромашкин таеквондодан Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан жастар арасындағы (WT) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Ромашкин Канада өкілі Никола Самордичті сенімді әрі техникалық шеберлікпен жеңді.
Айта кетейік, БАӘ-де өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатына 81 елден 800-ден астам спортшы қатысып жатыр. Аталмыш жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.
Дереккөз: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или