Бек Нұрмағанбет гондурастық боксшымен кездеседі

Қазақстандық супер орта салмақтағы боксшы Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 КО) 24 мамырда Сан-Диегода (Калифорния, АҚШ) шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.
BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Нұрмағанбеттің қарсыласы Гондурас өкілі Карлос Фидель Гити Миранда (7-2, 3 КО) болмақ. Супер орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 25 мамыр күні таңертең өтеді.
Бек Нұрмағанбет соңғы рет 5 сәуірде Филадельфияда (Пенсильвания штаты) рингке шығып, бірінші раундта коста-рикалық Энкарнасион Диасты (20-6, 11 КО) нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, АҚШ-та Бек екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен бірге жаттығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или