Елена Рыбакина Римдегі турнирде қанша табыс тапты?

WTA 1000 Internazionali BNL d'Italia турнирінде үшінші кезең ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №12) Канада өкілі Бианка Андреескуға (WTA рейтингінде №121) қарсы ойнады.
Қазақстандық теннисші екі сетте 2:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды
Матч 1 сағат 27 минутқа созылды.
Рыбакина турнирдің үшінші кезеңіне қатысушы ретінде 38 313 еуро мен 65 рейтингтік ұпайға ие болады.
Еске салайық, қазақстандық теннисші 2023 жылы Internazionali BNL d'Italia жеңімпазы атанған болатын.
Турнирдің жүлде қоры 6 009 593 еуроны құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или