Абат Айымбетов Түркиядағы матчы үшін қандай баға алды

Flashscore.com статистикалық сайты Түркия чемпионатының 35-ші туры аясында «Бешиктасқа» қарсы өткен ойында (1:4) «Адананың Демирспорының» қазақстандық шабуылшысы Абат Айымбетовтың ойынына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айымбетов 19-минутта қосалқы құрамнан шығып, 55-ші минутта сары қағаз алып, 73-ші минутта ауыстырылды. Қазақстан құрамасының ойыншысы өз ойыны үшін Flashscore-тен 5,7 ұпай алды, бұл командадағы екінші ең нашар рейтинг.
Абат Айымбетов биылғы маусымда «Адана Демирспор» сапында барлығы 26 матч өткізіп, төрт гол соқты. Оның командасы Түркия чемпионатында соңғы орында. Айта кетейік, Адана Демирспор сегіз матч қатарынан жеңіліп, соңғы жеңісіне желтоқсан айында қол жеткізген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или