«Қоқан арыстаны» OCTAGON 72 турнирінде қарсыласын нокаутқа түсірді

Ташкентте өтіп жатқан OCTAGON 72 турнирінің негізгі жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақта «Қоқан арыстаны» Амирхон Алихужаев (11-5) бразилиялық Маноэль Дос Сантоспен (12-6) кездесті.
Бұл жекпе-жек бірінші раундтың екінші минутында аяқталды. Өзбекстандық файтер қарсыласын нокаутқа түсіріп, әдемі жеңіске жетті.
Айта кетейік, кештің басты кездесуінде көптен күткен жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жек өтеді, онда Өзбекстан чемпионы Достон Бозоров (11-1) тәжікстандық Фазлиддин «Карим» Мадрахимовпен (14-5-1) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының титулды демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или